Атырау, 24 қараша 05:59
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Байден мен Сунак бірлесіп жұмыс істеуге келісті

852 просмотра

Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Риши Сунак АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Байден Ұлыбритания премьер-министріне Ұлыбритания Американың ең жақын одақтасы болып қала беретінін айтты. Екі басшы да екі ел арасындағы ерекше қарым-қатынасты растады.

Ақ үй мәліметінше, екі көшбасшы Украинадағы қақтығысты талқылап, Украинаны қолдап, Ресейді жауапкершілікке тарту үшін бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығы туралы келіскен.

"Сунак пен Байден сондай-ақ Қытай тудырған проблемаларды қалай шешуге болатынын талқылады. Бейжің мен Вашингтон геосаяси және экономикалық қарсылас ретінде бір-бірін бәсекелес ретінде қарастырады", - делінген Британ үкіметінің баспасөз хабарламасында.

Екі көшбасшы Солтүстік Ирландия мәселесін де талқылады.

26 қазан 2022, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.