Атырау, 24 қараша 05:49
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстанда тағы екі банк ресейлік "Мир" төлем картасына қызмет көрсетуден бас тартты

1 079 просмотра

Ақпаратқа қарағанда, "Азия банк" және "Қырғызстанның коммерциялық банкі" Ресейдің бірқатар банктерімен әріптестікті тоқтатқан. "Азия банктің" колл-центрі бір апта бұрын "Мир" картасын қабылдаудан бас тартқанын жеткізді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

"Қырғызстанның коммерциялық банкі" "Мир" картасынан бас тартқанының себебін, Батыс елдері салған санкциямен байланыстырады.

Осыған дейін Қырғызстанның "Компаньон", "Дос-Кредобанк" және "Бакай банк" коммерциялық банктері "Мир" төлем картасын қабылдаудан бас тартқан.

АҚШ-тың қаржы министрлігі Ресейдің төлем жүйесіне қызмет көрсеткен үшінші елдерге де санкция салынатынын ескерткен. Осыдан кейін Түркия, Қазақстан және Вьетнам елдерінің бірқатар коммерциялық банктері "Мир" төлем картасын қабылдауды тоқтатқан.

21 қазан 2022, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.