Атырау, 29 қараша 04:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Бос орындар жәрмеңкесінде 700 адам жұмыс тапты

2 284 просмотра

Атырауда 44 кәсіпорын мен ұйымның, соның ішінде мемлекеттік органдар мен полиция департаментінің қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Жәрмеңкеге қатысушылар арасында - «Tenaz Management», «Сичим С.п.А Казахстан», "Денхолм-Жолдас", «АНПЗ», «Велесстрой», «ЮСС Суппорт Сервисез», "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc (KPI)", "Батыс Альянс Строй" және тағы басқа компаниялар бар. Мыңнан аса бос орындар ұсынылды. Олардың 500-ден астамы жұмысшы мамандықтары болса, 400-ге жуығы инженерлік позициядағы орындар. Жәрмеңкеге қатысушыларға «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба шеңберінде көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы да ақпарат берілді, - деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Еркебұлан ӘБІЛҚАСЫМОВ

Оның айтуынша, жыл басынан бері осындай 36 жәрмеңке ұйымдастырылып, 700-ден аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

22 қазан 2022, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.