Атырау, 24 қараша 06:01
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркияға қашқан ресейліктер банк картасын аша алмай, әуре-cарсаңға түсіп жатыр

644 просмотра

Түркияға ауған Ресей қашқындарына ерекше қызметті ешкім көрсетіп жатқан жоқ. Олар қарапайым банк картасын аша алмай әуреге түсіп жатыр. Оған мобилизациядан қашқандардың саны артуы себеп болған. Түркиядағы қаржылық орталықтар бәрінің бірдей көңілін тауып үлгерер емес, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Известия" басылымына сілтеме нұсқап. 

Ресейліктердің біреуі банк картасын ашу үшін Ыстамбұлды шыр көбелек айналып, 15 ірі банк бөлімшесінің табалдырығын тоздырған. Ол  Түркияда бәрінің қаржыға келіп тірелетінін айтып, налыған. Бір қаржылық орталықтар одан банк картасын ашу үшін комиссия талап етсе, кейбірі Түркияда жұмыс істеуге рұқсаты бар анықтаманы көрсетуді сұраған. Бұған қатысты:

- Бізден банктердің бірі 5 мың доллар көлемінде депозит, тағы біреуі 2 мың лира көлемінде қайтарымсыз комиссия төлеуді талап етті (шамамен 107 доллар), - деп жазады "Газета.Ru".

"Көптеген Ресей қашқындары Түркиядағы "Denizbank" қызметіне жүгінуде. Аталмыш банкте жаңа карта алу үшін 10 мың лира көлемінде депозит ашуың қажет. Оның өзі ресейліктердің бәріне қолжетімді емес", - деп жазды "Известия".

Орайы келгенде айта кетейік, Қазақстанда ресейлік қашқындарға айрықша жағдай жасалған.

Олардың аяғын жерге тигізбей, елге орналастыру және банк картасын ашуы жайлы журналист Жолымбет Мәкіш былай деп жазды:

"Қаладағы бөлімшелерде адам көп болғандықтан ресейліктердің біразын осында әкеп төгіп, «Palace» минимаркетінде оларға банк картасын беретін бөлімше ашыпты. Мынау сондағы кезекте тұрғандардың суреті. "Freedom" банктің картасын аштырып жатыр мұнда олар. Бұл банк өткенде ғана Қазақстанның азаматтығын алған Тимур Турловқа қарайды. Ақша аударып, төлем жасағысы келген өзінің жерлестеріне (ресейліктерге) санкцияны айналып өтетіндей керемет мүмкіндік жасап беріпті Тимур Турлов мырзаң..."

Бұған қатысты көңілі күпті көптеген қазақстандықтар "Осы банкке несие бойынша телефон шалсам, "оператор бос емес" деп алмайды", "Бізде осындай ұзын сонар кезек болған-ды. Не себеп екенін енді түсіндік",  "Ее, азаматтық алып алып,банк ашып жатқаны ма?" деп пікір білдірген еді.

21 қазан 2022, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.