21 қазанға қараған түні Атырау қалалық полиция бөліміне облыстық ауруханадан 17 және 18 жастағы қала тұрғындарының оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілгенін, 22 жастағы тағы бір қала тұрғынының кеудесінен алған оқ жарақатынан қаза болғаны туралы хабарлама түскен.
Атырау облысы полиция департаменті бұл оқиғаның Атырау-2 ықшамауданында жастардың екі тобы арасында орын алған келіспеушіліктің салдары екенін хабарлайды. Қақтығысқа қатысқан барлық тұлға анықталып, ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА