Атырау, 10 қыркүйек 00:24
 дождьВ Атырау +17.4
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32

Құрманғазыдағы базарда өрт шықты

1 637 рет қаралды

Бүгін, 21 қазанда таңертеңгі сағат 7.30-да Құрманғазы ауданы орталығындағы "Серпер" сауда базарының ғимаратында өрт шықты - сауда сөрелері өртенді. 

ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт ауданы шамамен 200 шаршы метр құрайды. Өрт сағат 9:15-те жойылды.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД №7 Құрманғазы аудандық өрт сөндіру бөлімінің 20 қызметкері, 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет ТЖД

21 қазан 2022, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.