Кеше, 20 қазанда қала маңындағы Жұмыскер ауылында Hyundai Santa Fe көлігі 4 жасар баланы қағып кеткен.
«Жедел жәрдем» оны облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Бастапқыда балада мидың шайқалауы, сыртқы жарақаттар байқалды. Қосымша тексерулер жүргізілуде. Атырау облысы полиция департаменті хабарлағандай, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА