Атырау, 29 қараша 04:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Баспана, жер және жол – тұрғындар облыс әкімінен не туралы сұрайды

Сурет
1 140 просмотра

Тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер телімін бөлу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік көмек алу, жолдарды жөндеу, электр желілерін жаңғырту, ауыл шаруашылығы және санитариялық тазалау – өңір тұрғындары Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВТІҢ жеке қабылдауында осы мәселелермен жүгінеді.

- Аймақ басшысы Серік Шәпкенов бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініші мен ұсынысын тыңдады, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуге басқарма басшылары, «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры және өзге де жауапты мекеме басшылары қатысты. Олар азаматтардың сұрағына жауап беріп, қажетті кеңес берді.

Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі негізінен тұрғын үй мәселесін көтереді. Бұл жерде баспана беру Заң аясында кезекке сәйкес берілетінін айта кету керек.

Серік Шәпкенов азаматтардың мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында әрекет ету туралы нақты тапсырмалар берді. Сұрақтар мұқият қаралып, заңдылығына қарай шешіледі.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бүгінге дейін 28 қабылдау өткізді. 500-ге тарта тұрғынды жеке қабылдады. Оның ішінде 14 азаматтың арызы қанағаттандырылды, 451-нің өтініші бойынша заңға сәйкес мәлімет берілді. Сонымен қатар аймақ басшысы аудандарға жұмыс сапары барысында 150-ден астам тұрғынды қабылдады.

Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Атырау облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Байланыс нөмірі: 8 (7122) 95-66-82

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 қазан 2022, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.