Атырау, 29 қараша 06:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырауда СЭС қызметкері суға батқан бүлдіршінді құтқарып қалды

1 491 просмотра

Әжесімен бірге Жайық өзенінің жағасында серуендеп жүрген екі жасар қыз, кездейсоқ суға құлап кеткен.

Бағына қарай, Мұрат ҚАМЗИН оқиға орнына жақын жерде болып, еш ойланбастан суық суға секіріп, бүлдіршінді аман алып қалды. Мұраттың өзі үш қыздың әкесі, Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады.

- Қамзин Мұрат Мәлікұлы батыл әрекеті үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті атынан арнайы наградамен марапатталады. Өз кезегінде Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, барлық қалалық және аудандық бөлімдер бала өмірін сақтап қалғаны үшін әріптесіне ерекше алғысын білдіреді, - деп атап өтті СЭБ Атырау облысы бойынша  департаменті.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер

20 қазан 2022, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.