Атырау, 16 тамыз 11:24
 дождьВ Атырау +16.2
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

Көлікке қағылып, көз жұмды

Толықтырылды Сурет
1 696 рет қаралды

20 қазан сағат 8 шамасында Жылыой ауданы Құлсары қаласында қайғылы жағдай орын алды.  

Бейресми ақпаратқа сәйкес, оқиға Махамбет даңғылы бойында болған. Таңертең сабаққа шыққан 5-сынып оқушысы "Көктем" дүкенінің қасынан көше қиылысынан өтпекші болғанда, 73 жастағы «Toyota Land Cruiser Prado» жүргізушісі оны қағып кеткен. 11 жасар бала сол жерде көз жұмған.

– Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, - деп хабарлайды Атырау облысының полиция департаменті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қазан 2022, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.