Атырау, 29 қараша 06:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

400 км – тосқауыл емес: Beeline байланысы Атырау облысының шалғайдағы ауылдарына жетті

PR
1 662 просмотра

Телекомоператор Қазақстанның бүкіл аумағын байланыспен қамтамасыз ету бойынша ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастыруда.

Мысалы, өткен айдан бастап жоғары жылдамдықты интернет Атырау облысының шалғай жерлердегі тұрғындарға да қолжетімді болды. Beeline компаниясының техникалық бөлімі қызметкерлерінің күшімен Батырбек, Қоңыртерек, Балқұдық пен Сүйіндік (Құрманғазы ауданы) ауылдарында жаңа 4G базалық станциялары орнатылып, іске қосылды.

Жоғарыда аталған ауылдарда Beeline байланысы мен интернетін қосу үшін инженерлерге дала мен құмды жерлердің үлкен қашықтығын жол таңдамайтын көлікпен өтуге тура келді. Себебі елді мекендер облыс орталығынан 400 км қашықтық жерде орналасқан. Алайда, мобильді оператор үшін мұндай ара қашықтықтар – тосқауыл емес. Есесіне қазір ауыл тұрғындары туысқандармен және достармен бейнебайланыс арқылы хабарласып, қашықтықтан жұмыс жасап, білім алып, сондай-ақ көптеген онлайн-сервистерге қолжеткізіп отыр.   

Beeline Қазақстан суреті: Атырау облысының даласы

Айтқандай-ақ, Батырбек пен Қоңыртерек ауылдарында оператор антенналық діңгек құрылымдарын орнатып, 3G байланысын 2021 жылы қосқан еді. Ал осы жылы, яғни бірнеше ай өтер-өтпестен аталған ауылдарды 4G кеңжолақты интернетпен қамтыды.

Жалпы алғанда 2022 жылдың басынан Beeline-ның 4G байланысы мен интернетіне Атырау облысының 47 кенті қосылса, облыстағы кен орындарында 34 LTE станциялары жұмыс жасай бастады. Ал 2020 жылдың басынан бері «250+» жобасы шеңберінде 3G/4G жоғары жылдамдықты байланыс оннан астам елді мекендерде пайда болды. Сондай-ақ, Сағыз кентінде FWA тұрақты сымсыз интернет (Fixed Wireless Access) орнатылды. FWA артықшылығы - абоненттер арнайы жиілік ресурстары мен арнайы Wi-Fi роутердің арқасында үйде алатын интернет жылдамдығы. FWA технологиясы секундына 30-дан 50 мегабитке дейінгі орташа жылдамдыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Beeline Қазақстан суреті: Антенналық діңгектік құрылымдардың көлденеңділігін бақылау
“Біз байланыспен қамтуды нығайту және кеңейту үшін көп жұмыс жасап жатырмыз. Осының бәрі Атырау облысының шалғай ауылдарында тұрып жатқан халық та өркениеттен қол үзіп қалмауы үшін жасалуда. Интернет бүгінгі күні сән-салтанат емес, өмірлік қажеттілік. Біз үшін әрбір клиенттің кез келген жағдайда байланыста болғаны маңызды», - дейді Beeline-ның Атырау қ. техникалық басшысы Андрей Изосимов.

Айта кетейік, компанияның статистикасы бойынша, Атырау қ. тұрғыны орташа есеппен айына 21 Гб интернет трафик пайдаланады. Облыс бойынша орташа сан айына 15 Гб құрайды. Ал әлемде бір адамға шаққандағы интернет трафикті тұтыну 9.9 Гб ғана екен. 

20 қазан 2022, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.