Атырау, 24 қараша 06:51
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Маск Украинадағы Starlink жұмысы қалай қаржыландырылатынын айтты

567 просмотра
Сурет: ETtech

Америкалық кәсіпкер Илон Маск Украинадағы Starlink спутниктік интернетінің 25 мың терминалы бар, оның 11 мыңын бірқатар елдер, ұйымдар мен жеке тұлғалар төлейтінін айтты, деп жазады inbusiness.kz.  

Ал қалғанын SpaceX компаниясы айына 20 миллион доллар жоғалтса да қаржыландыра беретінін мәлімдеді. 

Ол бұған дейін Пентагонға шығындарды өз мойнына алу туралы ұсыныс жасаған, бірақ кейінірек өз сөзінен бас тартты.

"АҚШ Қорғаныс министрлігінен бір тиын алынбайды, бірақ бірнеше басқа елдер, ұйымдар мен жеке адамдар 25 мың терминалдың шамамен 11 мыңын төлейді (рахмет!) ",- деп жазды ол Twitter-де.

 "SpaceX кибер әскери қорғаныс үшін жоғары қауіпсіздік шараларына байланысты төленбейтін қызметтер мен шығындардан айына шамамен 20 миллион доллар жоғалтады, бірақ қаржыландыру жалғасады (күрсінеді)", — деп қосты Маск.

19 қазан 2022, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.