Атырау, 24 қараша 06:16
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еуроодақ Иранға қарсы санкция енгізді

610 просмотра

Еуропалық одақ Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді. Оған аймақтағы адам құқығының шектелуі мен биліктің  ереуілдерді күшпен басуы себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қара тізімге 11 адам мен 4 ұйым іліккен. Оның ішінде әдет-ғұрып полициясы бар. Иранның технология министрі де наразылық акциялар кезінде интернетті бұғаттағаны үшін шектеулерге ұшырады. Енді Еуроодақ Иранның ұшқышсыз апараттары Ресейге жеткізілгені расталса қосымша санкция жариялау керек дегенді алға тартады. Жуырда Киев Иранның дрондарымен атқыланғанын хабарлаған. Тегеран болса бұл ақпаратты жоққа шығарады. Ал Кремль еш түсініктеме берген жоқ.

18 қазан 2022, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.