Атырау, 24 қараша 06:18
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейдегі ұшақ апаты: қаза тапқандар саны 13-ке жетті

804 просмотра

Ейскіде Су-34 әскери ұшағы құлап, 9 қабатты ғимарат өртенген апаттан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ейск қаласындағы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазартқаннан кейін ұшақ құлаған жерден қаза тапқандардың мәйіттерін тапты. 18 қазан сағат 06:00-дегі жағдай бойынша апат салдарынан 13 адам қаза тапты, оның ішінде 3 бала. 19 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды, олардың төртеуі Краснодар облыстық ауруханасында емделіп жатыр, қалғандары Ейскіде емделеді. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. 

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі үш адамның өлімі бірден белгілі болғанын, кейін үй қирандыларының астынан он адамның мәйіті табылғанын айтты.

"Ейскіде іздестіру-құтқару операциясы барысында 68 адам құтқарылды, оның ішінде баспалдақтардың көмегімен 360-тан аса адам эвакуацияланды", - деп түсіндірді департамент өкілі.

Еске салайық, Ресейдің Ейск қаласында әскери ұшақ көпқабатты тұрғын үйге құлаған болатын.

Ресей Қорғаныс министрлігі Су-34 ұшағы Оңтүстік әскери округінің әскери аэродромынан оқу-жаттығу мақсатында көтерілген кезде құлағанын мәлімдеді.

18 қазан 2022, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.