Атырау, 24 қараша 06:47
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мәскеу мэрі қалада мобилизацияның аяқталғанын және әскерге шақыру тоқтатылғанын хабарлады

844 просмотра

Ресей астанасының мэрі Сергей Собянин Мәскеуде әскери міндеттілерді мобилизациялау жұмыстары аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысының Жарлығы мен Қорғаныс министрлігінің тапсырмасы негізінде белгіленген ішінара мобилизациялау бойынша тапсырмалар толығымен орындалды. Мобилизацияға қабылдау пункттері 17 қазанда сағат 14.00-де жабылды. Шақыру қағаздары тұрғылықты жерлерге жіберілді", - делінген мэрдің сайтында.

Сергей Собянин қала тұрғындарына жауапкершілік, борыш сезімі және патриотизм үшін алғысын білдірді. Ол қала басшылығы әскери қызметшілерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту бойынша жұмысты жалғастырады деп сендірді.

17 қазан 2022, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.