Атырау, 24 қараша 07:03
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

CNN: Иран камикадзе-дрондарын Ресейге жеткізгенін жоққа шығарады

820 просмотра

Иран сыртқы істер министрі Хусеин Әмір-Абдоллахиян 16 қазанда Португалия қорғаныс министрімен телефон әңгімеде Иран Украинадағы соғыста пайдаланылуы мүмкін қаруды ешбір елге бермейтінін мәлімдеді. Бұл жөнінде Азаттық радиосы CNN телеарнасына сілтеме жасап хабарлады. Бұған дейін Америка және Украина барлаушылары Ресей жағы Иранның камикадзе-дрондарын Украинадағы шабуылдарына пайдаланып жатқанын хабарлаған.

Әмір-Абдоллахиянның айтуынша, Иран нақты жағдайда бейтарап позиция ұстанады.

"Біздің ойымызша, кез келген соғыста тараптардың біріне қарумен көмектесу соғысты созып жібереді деп санаймыз және Украинадағы соғысты, Ауғанстан, Сирия немесе Йемендегі соғысты дұрыс деп есептемейміз" деді ол.

Әлемдегі әскери ведомстволар мен ақпарат құралдары да Иранның Ресейге әскери дрондарын жеткізгенін хабарлаған. Тіпті нақты маркасы (Shahed-136) мен Ресей берген тапсырыстың санына (2400) дейін аталған.

Тамыз айының соңында The Washington Post басылымы Ресейге Украинамен соғыста пайдаланылатын алғашқы ирандық әскери дрондар жеткізілгенін хабарлаған. Қыркүйекте аталған дрондармен Одесса және Одесса облысында соққы жасалғаны айтылды. 15 қазанда Запорожье облысының жетекшісі Александр Старух Запорожьеге ирандық Shahed-136 дронымен төрт соққы жасалғанын мәлімдеген. Ресей мен Иран ақпаратты жоққа шығарған.

17 қазан 2022, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.