Қытайда коммунистік партияның съезі өтіп жатыр. Қытай көршілес елдермен, соның ішінде Қазақстанмен достық қарым-қатынасты және өзара тиімді ынтымақтастықты сақтауға мүдделі. Бұл туралы Коммунистік партияның 20-съезінде Мемлекет басшысы әрі партияның Орталық комитетінің бас хатшысы Си Цзиньпин айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол Қытай өз шекараларын кеңейту саястатын жүргізбейді және өзге елдердің ішкі істеріне де араласпайды деді. Ал ел әскерін қайта құру нәтижесінде 2027 жылға қарай қарулану жағынан ең мықты мемлекеттердің біріне айналуды көздеп отыр. Си Цзиньпин кейінгі 10 жылдағы жетістіктер туралы баяндады. Сондай-ақ қазіргі проблемалар төңірегінде де сөз қозғады. Олардың қатарында инновациялық әлеуеттің төмендігі, табыс айырмашылығы, өңірлердің дамуы арасындағы алшақтық, бюрократия, жемқорлық, жұмыспен қамту, білім беру және медицина саласындағы мәселелер бар. Баяндама кезінде 2050 жылға қарай Қытайды ауқатты, демократиялық, социалистік, технологиялық державаға айналдыру міндеттері белгіленді.
Си Цзиньпин, ҚКП Орталық комитетінің бас хатшысы, ҚХР төрағасы:
– Біз Қытайдың экономикалық, ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін арттыруды көздеп отырмыз. Жалпы ішкі өнімнің халық санына шаққандағы үлесі артып, орташа дамыған елдердің деңгейіне жетеді. Біз төтенше жағдайлар не басқа да сын-қатерлерге дайын болу үшін қырағылық танытуымыз керек. 5 жыл сайын өтетін коммунтистік партияның съезі 22 қазанға дейін жалғасады. Осыдан кейін Орталық комитеттің жаңа құрамының алғашқы пленумы өтеді. Онда коммунистік партияның Бас хатшысы сайлануға тиіс. Қытай басшысы Си Цзиньпин Бас хатшы ретінде үшінші мерзімге ұсынылады деп күтілуде. Бұдан бөлек пленум барысында партияның Саяси бюросы мен оның тұрақты комитетінің құрамы жаңартылу керек.