Атырау, 4 қазан 08:16
 ашықВ Атырау +24
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Қырғызстан көмір экспортына уақытша тыйым салды

914 просмотра

Қырғызстанда 17 қазаннан бастап көмір экспорттауға уақытша тыйым салынады. Бұл жөнінде Қырғызстанның энергетика министрі Таалайбек Ибраев мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Оның сөзінше, мұндай шешім елде көмірге деген сұраныс көп болуына байланысты қабылданған.

Ибраев Бішкек жылу электр станциясына көмір сатып алу бойынша тендер жариялауға үлгермегенін, сол себепті "Электр станциялары кәсіпорны Қазақстаннан 400 мың тонна көмір сатып алу бойынша келісімге қол қойғанын білдірді.

Қазір Бішкек жылу электр станциясында 242 мың тонна көмір қоры бар.

Ибраевтың сөзінше, Қырғызстанның энергетикалық нысандары жылу маусымына 1 қарашада дайын болып қалады. Бүгінгі күні 90% дайындық жұмысы аяқталған.

Биыл энергетика саласын дамытуға 12 млрд сом бөлінгенін, бұл қаражат басталған реформаларды аяқтауға жұмсалатынын елдің үкімет басшысы айтқан.

14 қазан 2022, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.