Еуропаның көптеген мемлекеттерінің парламенттерінің өкілдерінен тұратын Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы Ресей режимін террористік режим деп таныды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаулыға 99 депутат дауыс берсе, біреуі қалыс қалған.
"99 делегат қолдап дауыс берді. Біреуі қалыс қалды. Бұл тарихи нәтиже! Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы толықтай қолдайды (бізді)", - деді ұйымдағы Украина делегациясының басшысы Мария Мезенцева мен делегация мүшесі Алексей Гончаренко.
Украина делегациясы мүшесінің айтуынша, резолюцияда ресейлік режим террористік режим екені атап өтілген.
Сонымен қатар, Еуропа Кеңесі тарихта алғаш рет Украинаға қару-жарақпен қамтамасыз ету қажеттігін мәлімдеген. Сондай-ақ құжат Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде болуын айыптайды.