Атырау, 29 қараша 06:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Теңіз кенішіндегі мердігерлер: заң бұзушылық өте көп

1 564 просмотра

Атырау облысының прокуратурасы Теңіз кен орнында жұмыс істейтін 20-дан астам мекемені тексерді. Бұл туралы қадағалау органының алқасында облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ (суретте) мәлімдеді.

Жиынға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, қала және аудандағы прокурорлар, жауапты мемлекеттік орган басшылары мен өңірдегі ірі мұнай компанияларының бірінші басшылары қатысты («ТШО» ЖШС бас директоры Кевин Лайон, «NCOC» компаниясының басқарушы директоры Оливье Лазар, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ бас директоры Есен Қайыржан, «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Мұрат Досмұратов).

- Еңбекті қорғау, санитарлық нормалар, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, уақтылы және сапалы тамақтану бойынша заң бұзушылықтар анықталды. 1 мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалды, 600 млн теңгеден астам төлем төленді – бұл еңбекақы, зиянды жұмыс жағдайы мен жұмыс уақытынан тыс еңбек үшін қосымша төлемдер. Мәселен «Интер Таско», «Gold Construction», «Вест Дала», «КМГ-Секьюрити» және басқада мекемелерде жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігінің бұзылуы, еңбекақының уақтылы төленбеуі, еңбекақы мөлшерін арттыру, халықты жұмыспен қамту саласында орын алған құқық бұзушылықтар жойылды. Сондай-ақ, біліктілік талаптары мен лауазымдары сәйкес келмейтін 200-ден астам шетел жұмысшыларының рұқсаттары кері қайтарылды және заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 18 шетел азаматы Қазақстан Республикасы аумағынан депортациялау арқылы шығарылды, - деді Б.Жұмақанов.

Оның айтуынша, ТШО-ға шағым жоқ, бас мердігерлер мен қосалқы мердігерлерде заң бұзушылықтар анықталған.

– Біз үшін әр адамның, азаматтың еңбек құқығы өте маңызды. Бұл құқықтың бұзылуына жол берілмейді. Еңбек құқығының сақталуы прокуратураның ерекше бақылауында, - деді Б.Жұмақанов.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 қазан 2022, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.