Атырау, 5 мамыр 08:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Ресей Украина батысындағы энергетика нысандарын атқылады

1 059 просмотра

Ресей армиясы Украинаның Львов облысындағы бірқатар энергетика нысандарын атқылады. Жергілікті биліктің айтуынша, үш жарылыс болған. Соққының салдарынан қалада жарық жүйесі дұрыс істемей қалған, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Жергілікті биліктің айтуынша, аймақ генераторларды барынша пайдалануға тырысып жатыр, алайда энергия жүйесінің қашан толық қалпына келетіні белгісіз.

Кейбір мәліметке қарағанда, облыстағы Ивано-Франковск қаласына да соққы жасалған.

11 қазанда Днепропетровск облысының Камен ауданы да шабуылға ұшырап, аумақ үшін маңызды инфрақұрылым бүлінген.

Ровенская және Винницкая облыстарында жарылыс болғаны хабарланды.

Винницкая облысында Ладыжа жылу электр станциясы бір күнде екі рет шабуылға ұшыраған. Алты адам жараланған. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, станцияға екінші соққы құтқарушылар жұмыс істеп жатқан кезде жасалған.

Украина қарулы күштерінің хабарлауынша, әуе шабуылынан қорғайтын жүйе ресейлік 18 қанатты зымыранын атып түсірген.

Ресей қорғаныс министрлігі Украинадағы әскери мақсаттағы нысандар мен энергетика жүйесіне соққы жасағанын хабарлады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, соққы нысанға дәл тиген.

Тараптардың мәлімдемесін соғыс жағдайында тексеру қиын.

12 қазан 2022, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.