Атырау, 22 қараша 12:47
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Темекі "шегіп", ата-аналарына айыппұл арқалатты

Толықтырылды Бейнежазба
1 851 просмотра

Әлеуметтік желіде Сәтпаев даңғылында орналасқан ойын алаңдарының бірінде жасөспірімдер қыздырылатын темекісі бар темекі өнімдерін пайдаланған бейнежазбасы таралған. Учаскелік инспекторлар оларды анықтап, ата-аналарының қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Атырау ҚПБ хабарлағандай, 7 ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-бөлігі («ҚР заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқор қоспасын тұтыну») бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Кейін Атырау облыстық полиция департаменті былай деп хабарлады: «№16 мектеп оқушылары сатып алған қыздырылған темекі сигараларын сататын дүкен анықталды. Ата-аналардың арызы бойынша дүкен иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігі («Темекі мен темекі бұйымдарын, оның ішінде он сегіз жасқа толмағандарға қыздырылатын темекі өнімдерін сату») бойынша  әкімшілік хаттама толтырылды, сотқа жолдау үшін құжаттар жинақталуда.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облыстық ПД ұсынған сурет

12 қазан 2022, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.