Бейбарыс-Тайманов қиылысында соққының салдарынан Toyota Ipsum көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
"11 қазан сағат 01:00 шамасында Toyota Ipsum автокөлігінің 1988 ж.т. жүргізушісі мас күйде С.Бейбарыс даңғылымен келе жатып, С.Бейбарыс-Тайманов көше қиылысында жол қауіпсіздігін қадағаламай 1991 ж.т жүргізушінің басқаруындағы маркасы Mazda автокөлігіне соқтығысқан.
Соққы салдарынан Toyota Ipsum көлік құралы оқиға орнында өртеніп кеткен және Mazda автокөлігінің 1991 ж.т. жүргізушісі әртүрлі дене жарақатымен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген. Қазіргі уақытта тиісті іс құжаттар жинақталуда. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды" делінген хабарламада.