Атырау, 4 мамыр 20:55
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Атырауда азық-түлік бағасы шілдемен салыстырғанда қалай өзгерді

Сурет
1 250 просмотра

Қазан айында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің төртінші тоқсанға арналған шекті бағасы белгіленді. «АЖ» базар мен супермаркеттердегі өнімдердің қазіргі құнына шолу жасап, шілде айындағы бағамен салыстырып көрді.

Қазан айындағы баға:

"Маркода" бір қалаш нан 140 тенге

Нан «Лидер» мен «Идеалда» 82 теңге, «Анвар» супермаркетінде 91, Көктемде 110, Маркода 140 теңге, Динада – 105;

Жұмыртқа С1 (10дана) – «Сарайшық» базарында 530, Идеал 494, Анвар 497, Көктем 590, Лидерде 494, Марко 539, Динада – 520;

Алып-сатарлық әрекетті болдырмау үшін

«Моё» сүті 3,2% Сарайшықта 580, Анварда 647, Көктемде 620, Марко 599, Динада – 600;

«Шедевр» өсімдік майы:  Сарайшықта 1200, Идеал 1012, Көктемде 1000, Динада – 1200;

"Идеал" супермаркеті

Күріш Сарайшықта 550, Анварда 407, Көктемде 1000, Маркода 409, Лидер 359, Динада – 450;

Құмшекер Сарайшықта 520, Анварда 485, Идеал 515, Көктемде 600, Марко 482, Динада – 650;

"Анвардағы" көкөніс бағасы

Картоп Сарайшықта 180, Анварда 171, Идеалда 195, Көктем 250, Марко 195, Лидерде 188, Динада – 200;

Сәбіз Сарайшықта 180, Анвар 165, Идеал 195, Көктем 250, Марко 169, Динада – 180;

"Маркодағы" көкөніс

Жуа – Сарайшық 150, Анвар 230, Идеал 125, Көктем 250, Марко 169, Динада – 200;

Қырыққабат Сарайшықта 150, Анвар 164, Идеал 119, Көктем 250, Маркода 130, Лидерде 148, Динада – 150;

"Идеалдағы" тауықтың сан еті

Тауықтың сан еті – Сарайшықта 1500, Анварда 1232, Идеал 1163, Көктемде 1500, Марко 1650, Лидер 1163, Динада – 1500;

Сиыр еті Сарайшықта 2300-2400, Көктемде 2200-2700, Динада – 2400-2900.

Нарықтағы бағалар шілде айымен салыстырғанда көкөністер бағасы әлдеқайда төмендеген. Ал қымбаттаған әлеуметтік азық түліктер арасында жұмыртқа бағасы көш бастап тұр. Жаз айында С1 жұмыртқасының данасы 34-40 теңге аралығында болса, қазір 49,4 - 59 теңге аралығында сатылуда. Кейбір супермаркеттерде алып-сатарлықты болдырмас үшін жұмыртқа бір қолға 10 данадан артық берілмейді.

Еске салсақ, бұған дейін бағаны тұрақтандыру мақсатында «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ жергілікті сауда желілеріне және көкөніс өнімдерін өндірушілерге айналым қаражатын толықтыру үшін қайтарымды қарыз бергенін хабарлаған едік.

Қазіргі кезде тұрақтандыру қорының нүктелерінде картоп пен қырыққабат 150 теңгеден, сәбіз 120, жуа 87 теңгеден сатылуда.

Сонымен қатар құмшекерді - 515, жұмыртқаны - 494, тауықтың сан етін - 1163, сиыр етін 2098 теңгеден сатып алуға болады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор 

12 қазан 2022, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.