Әлеуметтік желіде драма театрының қасындағы жол бойынан Kia Sorento автокөлігінен денесін шығарып, ішімдік ішкен тұлғалардың бейнежазбасы тараған болатын.
Патрульдік полиция қызметкерлері ресейлік нөмірі бар аталған автокөлікті Махамбет көшесі бойынан анықтады. Ішінде ешкім болмады. ПД хабарлағандай, көлік арнайы тұраққа қойылды. Заң бұзушыларды іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Атырау облысы ПД жолдаған бейнежазба