Атырау, 24 қараша 08:10
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

СІМ Ресейдің Қазақстандағы елшісімен "қаттырақ сөйлескенін" айтты

1 123 просмотра

Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Қазақстандағы елшісімен "қаттырақ сөйлескен" хабарлады. Бір күн бұрын Қазақстан сыртқы істер министрлігі Захарованың мәлімдемесіне байланысты Астанадағы Ресей елшісі Алексей Бородавкинді шақырғанын айтқан.

"Елші сыртқы істер министрлігіне маңызды әңгімеге шақырылды. Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың айтқанын талқыладық, оның сөзі тең құқылы стратегиялық әріптестік сипатына қайшы. Кәдімгідей қаттырақ айттық" деді сыртқы істер министрлігі 6 қазанда ақпарат құралдарына таратқан хабарламасында.

4 қазанда Ресей сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаевты шақырып, Астанаға украин дипломаты Петр Врублевскийдің оралғанына наразылық білдірген.

"Ол ештеңеден ықпай, дипмиссия басшысы ретінде дипломатиялық қабылдауларға барып жүр. Жоғарыда аталған жайттарды ескере отырып, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев 4 қазанда Ресей сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оған мұндай жайтқа түпкілікті түрде жол бермеу туралы айтылды" деген еді Мария Захарова.

5 қазанда Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Захарованың мәлімдемесі "екі ел арасындағы тең құқылы стратегиялық әріптестер ретінде одақтастар қатынасы сипатына қайшы келеді" деп мәлімдеген. Бірақ Захарова мәлімдемесіне "түсініктікпен қарайтынын" жеткізген.

6 қазан 2022, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.