Екі күннен бері Атырау тұрғындарын түтін иісі тұншықтырып жатыр. Алайда оның қайдан шығып жатқаны белгісіз.
Атырау облысы ТЖД мәліметінше, Каспий теңізінің жағалауында, Кеңөзек ауылынан 10 шақырым жерде қамыс тұтанған жаңа ошақ бар, бірақ жел бағытымен түтін теңізге қарай кетіп жатыр. Бұл батпақты жер болғандықтан бықсыған қамысты сөндіру мүмкін емес. Қазіргі сасық иістің тұтанған қамыспен еш қатысы жоқ, - деп есептейді ТЖД.
Анастасия ШЕРСТИЯНКИНА