Атырау, 29 қараша 08:43
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Литвалық инвесторлар медициналық туризмді дамытқысы келеді

Сурет
1 096 просмотра

Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВ Литваның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гинтаутас ВАСЮЛИС бастаған делегациямен кездесті.

Тараптар өңірге инвестиция тарту мәселесін талқылады. Қос тарап туризм, өнеркәсіп және ауылшаруашылық секторы, көлік және логистика, ақпараттық технологиялар, медициналық оңалту орталықтарын дамыту сынды мәселелерді талқылады. Шетелдік инвесторлар Атырауда емдеу-сауықтыру және медициналық туризмді дамытуды ұсынды.

- Өзара байланыстар біздің ынтымақтастығымыз бен достық қарым-қатынасымыздың дамуына қосымша серпін беретініне сенімдімін. Атырау облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасалған. Демек тиімді біріккен жобаларды дамытуға дайынбыз. Мұндай жобалар біздің өңірімізге қажет, - деді С.Шәпкенов.

Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында Атырау облысының Литвамен сыртқы сауда айналымы 232,5 млн АҚШ долларына жеткен. Оның ішінде экспорт көлемі 231,1 млн АҚШ доллары, импорт 1,4 млн АҚШ долларын құрайды.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті ӨКҚ жолдады 

6 қазан 2022, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.