Атырау, 24 қараша 08:13
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Путин Украинаның төрт облысының Ресейге қосылуы туралы заңға қол қойды

989 просмотра

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинаның төрт облысының Ресейге қосылуы туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазТАГ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Путин Донецк және Луганск халық республикаларын, сондай-ақ Запорожье және Херсон облыстарын Ресей құрамына қабылдау туралы төрт федералдық конституциялық заңға қол қойды. Заңдарға сәйкес, жаңа аймақтардың тұрғындары Ресейге қосылған күннен бастап - 30 қыркүйектен Ресей азаматы болып танылады. Ресей азаматтығынан шығуға ниет білдіргендерге өтініш беруге бір ай уақыт берілді», - делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарының Ресейге қосылуы туралы келісімдерге қол қойылғанын хабарлаған болатын. 3 қазанда тиісті заңды Ресей Мемлекеттік Думасы қабылдады.


Атап өтсек, Қазақстан Украинаның территориялық тұтастығының бұзылуын мойындамайды және оның егемендігінің сақталуын жақтайды.

5 қазан 2022, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.