Махамбет ауданы Сарайшық ауылының оншақты тұрғыны «АЖ» редакциясына жолығып, 9 қазанға белгіленген ауыл әкімінің сайлауына сенім білдірмейтіндерін жасырмады (бұрынғы әкім жақында отбасы жағжайымен арыз жазып кеткен).
Тұрғындар "АЖ" тілшісімен кездесу үшін округ әкімшілігінің акт залында жиналып, өздерін толғандырып жүрген мәселені жеткізді жеткізді. 1500-дей тұрғыны бар ауыл екіге бөлінген - ескі және жаңа Сарайшық деп. 700-дей тұрғыны бар ескі Сарайшық археологиялық тарихи зерттеу аймағы болғандықтан асфальт жоқ. Бұл ауыл тұрғындары келешекте көшірілуге жататындықтан құрылыс жүргізуге тиым салынған. Ал лайсаң күндері оқушылар үшін азапты күндер басталады.
- Біздің ауылда әкім жиі ауысады, сол себептен проблемалар шешілудің орнына кейін қала береді. Тіпті осы ауылдағы Сарайшық орта мектебінде директор жоқ, үш ай сайын ауысады да жатады. Балабақшаға сұраныс көп, ол да шешілмейді. Жыл сайын 20-шақты орын бөлінеді, ол өз қызметкерлері мен мұғалімдер, жалпы бюджет қызметкерлерінің балаларынан ауыспайды, ал жалпы жұртшылық бұдан тысқары қалады, өйткені балабақша орны тапшы, - дейді зейнеткер Нұргүл АЛПЫСБАЕВА.
- Әкімді халық тікелей сайлайды деп жатыр, расында солай ма? Әкімге үміткерлерді әкімдіктің өзі таңдайды, халықтан сұраған емес. 9 қазанда осы ауылға әкім сайлауы өтеді деп жатыр. Оған міне, аз ғана күн қалды, бірде-бір үміткердің бағдарламасымен таныс емеспіз, олар келіп халықпен кездескен жоқ. Ауыл халқы кімді сайлайтынына түгел құлағдар болды деп айта алмаймын. Сайлаудың қорытындысы әділ болады ма, соған күмәніміз бар, - дейді Нығыметолла ҚҰРМАШЕВ.
- Сайлау әділ өтуі үшін халық сайлаған бақылаушылар болуы керек. Бұл бақылаушылар бюллетеннің салынуынуынан қорытындысына дейін бақылауы керек. Бұл сайлаудан көп адам хабарсыз. Біз кандидаттарымен әлі кездескен жоқөпыз,-дейді зейнеткер ұстаз Амангелді АМЕНОВ.
-Осы ауылда мектеп, колледж, балабақша қызметкерлері бар, солардың ішінен болашақ ауыл әкімін неге таңдамасқа? Жергілікті жерден кадр дайындап, осы жерге жаны ашитын адамды таңдауда аудан әкімшілігі аппараты айналысып отырған жоқ.
Махамбет ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сағынбай ШОТПАҚОВ:
- Сарайшық ауыл әкіміне сайлануға үш үміткер түсіп отыр. Тіркеліп болғаннан кейін кандидаттар өз құқығына сай халықпен кездесуін жүргізеді, оған әлі уақыт бар. Жуырда Сарайшық ауылында болып, сайлаушыларға сайлау заңдылығын толық түсіндіріп келдім. Ал канидаттар мәдениет үйінде халықпен кездесуін бастап та кетті.
- Кейбір адамдар сайлаудың әділ өтетініне сеніңкіремей отыр.
- Неге? Бақылаушылар бар, оған тіпті негіз жоқ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор