Атырау, 29 қараша 08:52
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

«Құрманғазы» жылына 260 миллион теңгенің өнімін өндіреді

Сурет
1 318 просмотра

Құрманғазы ауданы Дыңғызыл ауылдық округінде орналасқан «Құрманғазы» өндірістік кооперативі бүгінде «Асыл тұқымды еділбай қойын өсіретін зауыт және асыл тұқымды қазақтың айыр өркешті түйесін өсіретін кооператив» атағына ие болып отыр, деп хабарлайды Құрманғазы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ол құрманғазылық Харес БИЛЯШОВТЫҢ бастамасымен 1998 жылы «Құрманғазы» атындағы өндірістік кооперативі болып құрылған. Кейін селекциялық асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2002 жылдың 19 наурызындағы бұйрығымен өндірістік кооперативке «Асыл тұқымды мал шаруашылығы» мәртебесі берілді.

Қазір ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Сабыржан СҰЛТАНОВ ұжымға басшылық етіп отыр. Дыңғызыл ауылдық округінде орналасқан «Құрманғазы» ӨК-ге қарасты мал сою пункті де қызмет көрсетіп отыр. 

- Кооператив мамандары шопан, малшы-механизаторларымен бірлесе отырып атқарылған жұмыстардың нәтижесінде  мал саны 24 жыл ішінде 12 мың қойға, 319 түйеге, 120 жылқыға жетті. Сонымен қатар кооператив еділбай қойының бір түрін өсірумен шектеліп қалған жоқ. Будандастыру жолымен ақ жүнді құйрықты қойларды шығару жүзеге асырылды. Осылайша ақ жүнді «Аққарабас» қой тұқымы пайда болды. Көп жыл бойы бір мақсатта жүргізілген селекциялық-асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде шөл және шөлейт аймақтар жағдайында өсіруге аса жақсы бейімделген, әрі жеткілікті деңгейдегі жоғары ет және жүн өнімдерін беретін құйрықты қойлардың өзіндік ақ жүнді түрі шығарылды, - дейді басқарма төрағасы Сабыржан Сұлтанов.

Оның айтуынша, кооперативте жыл сайын орта есеппен 240-260 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, 10-12 миллион таза табыс табуда. Мал дәрігерлік іс-шаралары он екі ай бойы жүргізілсе, ет, шұбат өнімдері ауданда жоғары сұранысқа ие. Биыл кооператив 100 аналықтан 92 қозы, 100 түйеден 52 бота, 100 биеден 95 құлын алған. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Фото РСК

6 қазан 2022, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.