Атырау облысында Каспий теңізіндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан 10-ға жуық көлік су астында қалды.
Оқырмандар жолдаған видеода суға батқан көліктер көрінеді.
ТЖМ ресми өкілі мәліметінше, оқиға 3 қазанда Атырау облысындағы Исатай ауылынан 40 шақырым жерде болған.
"Екпінді жел салдарынан ("Қазгидромет" РМК деректері бойынша секундына 23 метрге дейін) су деңгейі көтерілді, нәтижесінде 10-ға жуық көлік (иелері - балықшы, аңшылар) ішінара су астында қалды, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша су қайтты. Көлік иелері учаскеден кетті", - деді ведомство.
Айта кетейік, бұған дейін ТЖД облыстың батысы мен оңтүстігінде құмды дауыл күтілетіні туралы ескерту таратқан. Бұл құбылыс қумажел ретінде сипатталатыны - су бетіне жел әсерінен туындаған ірі өзендердің теңіз сағаларында, сондай-ақ теңіздердің жағалауларында, ірі көлдер мен су қоймаларында желдің әсерінен туындаған су деңгейінің көтерілуі ретінде сипатталатыны нақтылануда.
"Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындардан ескертулерге назар аударуды, құтқарушылардың ұсынысын басшылыққа алуды және көлік құралдарын су қоймаларына жақын қалдырмауды сұрайды", - деді ТЖМ.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА