Атырау облысында жыл басынан бері бері 116 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 53 адам мерт болған. Көз жұмғандардың арасында екі бала бар. 10 жағдайда жол апатына кінәлілер масаң күйінде болған.
Жалпы облыс бойынша соңғы екі жылда жол-көлік оқиғасына қатысты құқық бұзушылығын жасағаны үшін соңғы 60 жүргізуші сотталған. Оның ішінде 35 адам 1 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.
- Автомобиль апаттарының негізгі себебі – жол қозғалысы ережелерін сақтамау. Кейде секундтарды үнемдеуге тырысқан жүргізушілер өздеріне ғана емес, басқа жол қозғалысына қатысушыларға да қауіп төндіреді, - дейді облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ.
Жүргізушілер көлік құралын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан әрбір адамның артында ата-анасы, жұбайы, балалары мен жақындары қалатынын ұмытпауы тиіс, -деп түйіндейді қадағалау ведомствосы.
Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА