Атырау, 29 қараша 08:44
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Орал-Атырау: ІІМ басшысы адам өліміне әкелетін апаттар жиі болатын трассаларды атады

991 просмотра

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елдегі жол қауіпсіздігі мәселесіне арналған үкімет отырысында адам өліміне әкелетін жол-көлік оқиғалары жиі болатын трассаларды атады.

Министр қала сыртындағы трассаларға ерекше назар аударды. Оларға ауыр ЖКО-ның негізгі саны, сондай-ақ қаза тапқандардың 69%-ы тиесілі.

Жамбыл (91%), Солтүстік Қазақстан (88%), Жетісу (86%), Алматы (83%), Атырау (81%), Ақмола (80%), Түркістан (72%), Павлодар (70%), Қызылорда (70%) облыстарында бұл көрсеткіш одан да жоғары.

– Жамбыл облысынан өтетін “Батыс Еуропа – Батыс Қытай”, “Алматы – Ташкент”, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан өтетін “Орал-Атырау” автожолдарындағы жалпы жағдай қиын. Осы облыстардағы қаза болу фактілердің 64%-ы дәл осы учаскілерде орын алған. Негізгі себептер – қарсы жүріс бағытына шығу және жылдамдықты арттыру, – деді министр.

Бүгінгі таңда 6 мың км-ден астам жолды бірінші санатқа ауыстыру қажет.

Қала сыртындағы жолдардың қауіпсіздігіне жол бойындағы инфрақұрылым да әсер етеді.

– Өкінішке орай, жол бойында кэмпингтер, демалыс орындары, тамақтану пункттері жоқ. Осыған байланысты жүргізушілер көлікті ұйқысыз және демалыссыз басқаруға мәжбүр. Осылайша олар өзін де, өзгені де қауіпке тігеді, – деді министр.

Министр тағы бір мәселе – заңсыз тасымалдаушылар екенін де атап өтті.

– Олар жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзып, аймақтар арасында тоқтаусыз жүреді. Ал көліктері қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Жалпы жыл басынан бері 800 көлік аударылған, 1 195-і ілесе қақтығысып, 1 250-і бетпе-бет соқтығысқа. Басты себеп – көлік басқару кезінде ұйықтап кету және көліктердің техникалық ақаулығы, – деді спикер.
4 қазан 2022, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.