Атырау, 29 қараша 08:37
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ислам Аманқос: «Төртінші рет чемпион болуым»

Сурет
1 220 просмотра

2 қазанда Атырауда Қала күніне орай төрт түрлі қашықтық бойынша  жүгіруден марафон өтті. 5, 10, 21, 42 шақырымға арналған марафонға қала тұрғындары мен өзге өңірлерден арнайы келген қонақтар да қатысты.

«Классикалық» қашықтықта 42 шақырымға жүгіруден ерлер арасында 26 жастағы Ислам АМАНҚОС пен әйелдер арасында Айнагүл ҚУАНЫШЕВА мәре сызығын бірінші боп кесті. Ал 21 шақырымға жүгіргендерден ерлер арасында Нұркелді АМАН, әйелдер арасында Әсем ҚАБДОШ жеңіс тұғырынан көрінді.10 шақырымға жүгіргендерден ерлер арасында Есенбол ЖАҢАБЕК пен әйелдер арасында Нұргүл ОРЫНБАСАР, 5 шақырымға жүгіруден ерлер арасында Санжар БАЗАРБАЕВ пен әйелдер арасында Меган БИШОП чемпион атанды.

Біз Ислам Аманқоспен тілдескен едік. Ол былай дейді:

- Мен Ақтөбе қаласының тумасымын. Бұл марафонға Алматыдан келіп тұрмын. 11 жылдан бері жүгіруден тұрақты түрде марафонға қатысып келемін. Алғашында 800 метр, 1,5 шақырым, 3 шақырымнан бастадым. Қазір 21 шақырым, 42 шақырым бойынша әр қалада өтіп жатқан марафондарды іздеп жүріп қатысамын. Жетістіктерім де бар. Алматы, Шымкент қаласындағы марафондарда чемпион болдым. Ал енді Атырау қаласында жеңіске жетіп отырмын.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

3 қазан 2022, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.