29 қыркүйекте сағат 23.00 шамасында Миялы-Индер тас жолының 120-шақырымында Lada Priora көлігінің 36 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, көлік аударылған. Салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды, үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша Қызылқоға ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі («Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу») қылмыстық іс қозғады, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА