Атырау, 24 қараша 07:35
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Путин Украинаны келіссөзге келуге шақырды

1 409 просмотра

Путин Киевті әскери іс-қимылдарды дереу тоқтатып, қайтадан келіссөздер үстеліне отыруға шақырды, деп хабарлайды Sputnik. 

"Киев ДХР, ЛХР, Запорожье мен Херсон облыстары халқының таңдауына құрметпеу қарауға тиіс. Бейбітшілікке келудің жолы осы ғана", - деді ол.

Сонымен қатар Путин Ресей ДХР, ЛХР, Запорожье мен Херсон облыстары халқын ешқашан сатпайтынын және қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін, аумақтардың инфрақұрылымы қалпына келтіретінін атап өтті.

Сонымен қатар РФ басшысы бұдан былай аталмыш аумақтардың халқы Ресей Федерациясының азаматтары екенін қадап айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Кремльде референдум нәтижелері бойынша ЛХР, ДХР, Херсон және Запарожье облыстарының Ресейге қосылуы туралы келісімшартқа қол қою рәсімі өтіп жатыр.

ЛХР, ДХР, Херсон және Запарожье облыстарын Ресей Федерациясына қосу туралы референдум 23-27 қыркүйекте өткен еді.

1 қазан 2022, 03:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.