Атырауда қараусыз жүрген малдың қатысуымен жыл басынан бері 76 жол-көлік оқиғасы орын алып, 6 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Бұл туралы полиция департаменті хабарлайды.
Талдауға сәйкес, қала сыртындағы тас жолдарда осындай жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупі жоғары. Өйткені ол маңда үй жануарлары бақташыларсыз жайылады, ал көлік қатты жылдамдықпен жүреді. Полицейлер мал иелеріне малын қараусыз қалдырмауды, ал жүргізушілерге мұқият болуға кеңес береді.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА