Атырау, 29 қараша 09:52
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жалғызбасты қарияларға көмектеседі

1 327 просмотра

Атырау облысында 108 әлеуметтік қызметкер жалғызбасты және мүгедектігі бар 567 қартқа үйден қызмет көрсетеді. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Құралай ТІЛЕУМАҒАМБЕТОВА мәлім етті.

- Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес қызметкерлер аптасына екі рет екі сағаттан жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйден қызмет көрсетеді, терезесін, 10 күнде бір рет еденін жуып береді. Сонымен қатар, денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі күте алмайтын қарттарға да қызмет көрсетіледі. Төсектен тұру, төсекке жату, киіну, жуыну, тамақтану, сусын ішу, тағы сол сияқты күнделікті қарапайым процедураларды орындап, үйден тыс жерде бір елді мекен шегінде ілесіп жүреді, - деді Қ.Тілеумағамбетова (суретте сол жақта).   

Қазір облыста 2079 қартқа жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек тағайындалған. Сонымен қатар, Атырау қаласы бойынша өткен жылдан бастап егде жастағыларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін «Белсенді ұзақ өмір сүру» бастамасы қолға алынды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде іске асқан жоба арқылы 150 зейнеткер ән айту, спорт, шахмат, бассейн, атпен серуендеу және компьютерлік сауаттылықты арттыру үйірмелерінен қызмет алады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ қызметі ұсынған суреттер

30 қыркүйек 2022, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.