2 қазанда Атырауда қала күніне орай марафон өтеді. Бұл туралы Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбек АХМЕДИЯРОВ мәлім етті.
Бесінші мәрте өткізіліп жатқан жарыс төрт түрлі, 5, 10, 21 және «классикалық» 42 шақырымдық қашықтықта өтеді. Бақ сынауға 1000-нан астам қатысушы тіркелген.
- 2 қазанда сағат 7.00-ден 14.00-ге дейін қала күні қарсаңында ұйымдастырылатын қалалық марафонды өткізуге байланысты марафонға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейбір жолдардағы көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Атап айтқанда, орталық көпірден бастап Сәтпаев даңғылының шетіне дейін, одан әрі Әбілқайыр хан даңғылына жалғасып, Сұлтан Бейбарыс даңғылының қиылысына дейінгі аралықтарда. Осыған орай тұрғындар мен қонақтардан өз қозғалысын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деді Н.Ахмедияров.
Айта кетейік, биыл Атырау қаласының 382 жылдығы тойланғалы отыр.
Дайындаған Нұрбейбіт Нұғыманов
ӨКҚ ұсынған суреттер