Атырау, 24 қараша 08:05
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Beeline Қазақстан санкция салынған елдердің азаматтарының банк карталарын жабады

1 062 просмотра

Beeline Қазақстан провайдерінің Simply цифрлы карталарын қолданушылар 30 қыркүйектен бастап санкция енгізілген елдер азаматтарының карталарына қызмет көрсетілмейтіні туралы ескерту алды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Бұл туралы Besmedia telegram-арнасы қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев пен басқа да карта иелеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Өкінішке қарай, 30 қыркүйектен бастап санкция енгізілген елдердің азаматтары қосымша мен картаны сауда жасауға, ақша аударуға және басқа да қаржы операциялары үшін қолдана алмайды", - деп жазылған Simply картасын қолданушылар алған ескерту хабарында.

Алайда Beeline мен Simply сайттарында ресми мәлімет әлі жарияланған жоқ.

Simply — банк қызметін алуға мүмкіндік беретін қарапайым пластик карта. Мұндай картаны Beeline компаниясына қарасты "ҚазЕвроМобайл" шығарады.

27 қыркүйекте Beeline Қазақстан байланыс операторы 5 қазаннан бастап "TV+Үйдегі интернет" пакетінен және BeeTV сервисінен ресейлік телеарналарды алып тастайтынын хабарлаған. Бастапқы хабарламада тек Ресей арналары ғана болған. Beeline Қазақстан 28 қыркүйекте өшірілетін арналар қатарына кейбір батыс арналарын да қосқан.

30 қыркүйек 2022, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.