Атырау облысында жыл басынан бері жалпы көлемі 16 мың гектар шамасындағы 119 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Атырау облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек ЕРМЕКҚАЛИ мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Игерілмеуіне байланысты 164 776,85 гектар жайылым, 50 гектар шабындық жер қайтарылды, қалған 3 гектар жер басқа мақсат үшін алынған, - деді Ә.Ермекқали.
Былтыр игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 201,82 мың гектар жер анықталды. Оның ішінде 17,67 мың гектары шара қолдану нәтижесінде қайта игеріле бастаса, ал 87,08 мың гектар мемлекетке меншігіне қайтарылған. Қалған 97,07 мың гектар жер жергілікті атқарушы органның қарауында жатыр.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ