Атырау, 9 қазан 04:46
 дождьВ Атырау +12.6
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Астрахан облысындағы Қазақстанмен шекарада мобилизация пункті ашылады

1 176 рет қаралды

Астрахан облысы билігі Қазақстанмен шекарада уақытша ішінара мобилизация пунктін ашуға ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аймақ губернаторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жақын күндері Қазақстанмен шекарада әскерге шақыру қағазын беретін уақытша ішінара мобилизация пункті ашылады", - делінген хабарламада.

Краснояр өлкесі аумағында "Қараөзек" бақылау-өткізу пункті – Қазақстанға автокөлік өткізудің негізгі пункті орналасқаны атап өтілді. Мұнда елден кеткісі келетіндердің ұзын-сонар кезегі жиналған.

29 қыркүйек 2022, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.