Атырау, 29 қараша 09:33
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Құрманғазылық шаруагер ауылды мал азығымен қамтып отыр

Сурет
1 250 просмотра

Бұл туралы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар МҰФТАХ мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында 20 жылдан аса шаруашылықпен айналысатын шаруагер Теміртас СҰЛТАНҒАЗИЕВТІҢ екі гектар егін алқабы мен 65 гектар шабындық жері бар. Жаз мезгілінде 50-60 тонна қауын-қарбыз өнімі алынып, ауыл мен аудан базарларында саудаланады. Ал жылда шабындықтан 1000 руллон шөп дайындалады.

- Ерте көктемде сепкен дәніміз көктеп, жазда тегене-тегенедей қауын-қарбызымыз, самсап өскен қияр-қызанағымыз мол ырысқа кенелтті. Картоп, қырыққабат сияқты басқа дәнді-дақылдарымыз да табысымызды молайтты. Егіннен алынатын жеңсік өнімдерімен тұрғындардың сұранысын қара күзге дейін қанағаттандырып, алғысқа бөленген кездеріміз көп, - деді Т.Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ шаруагер ауданда алғашқылардың бірі болып тамшылатып суғару әдісін енгізді. Өсірген өнімдеріне сұраныстың көптігі өз алдына, аула ішіне аздаған егін салатындарға жас өскін сатуды жақсы жолға қойған. Айта кетейік, Құрманғазы ауданы бойынша 896 шаруа қожалығы бар, олардың 21-і - Теңіз ауылдық округіне қарасты.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер

29 қыркүйек 2022, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.