Атырау, 27 желтоқсан 00:28
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Атырауға келген Ресей азаматтарының негізгі бөлігі басқа өңірлерге кетеді

1 317 просмотра

Бұл туралы өңірімізге келіп жатқан Ресей Федерациясы азаматтарының саны артуына байланысты облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВТІҢ тапсырмасымен құрылған облыстық жедел штаб хабарлады.

Жедел штабты Атырау облысының жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғау басқармасының басшысы Есмұхан ҚАЖКЕНОВ басқарады. Штабтың мәліметінше, 21-27 қыркүйек аралығында өңірге 10 479 адам келген. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу үшін Ресей Федерациясының 2 219 азаматы жүгінген. 

Шетелдік азамат Қазақстан аумағына келген кезде қабылдаушы тарап (Қазақстан азаматы) үш жұмыс күні ішінде көші-қон қызметіне хабарлауға тиіс. 

- 21-27 қыркүйек аралығында Атырау тұрғындары көші-қон полициясына Ресейден 644 азаматтың келгені туралы хабарлады. Осыған сүйене отырып, Ресей Федерациясының келген азаматтары үшін Атырау қаласы негізгі тұрақтап қалу аймағы емес және олардың негізгі бөлігі еліміздің өзге өңірлеріне кетеді деп жорамалдауға болады, - деді жедел штаб басшысы Е. Қажкенов.

Сондай-ақ, жедел штаб Атырау қаласында жалға берілетін тұрғын үй бағаларына күн сайын мониторинг жүргізіп отырады. Жекелеген ықшамаудандарда ғана бағаның өсуі байқалады, ол 30-50%-дан аспайды. Өңірде 109 Call орталығы жұмыс істеп тұр. Онда оператор-консультанттар Ресей Федерациясынан келген азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, қажетті ақпаратты ұсынады.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 қыркүйек 2022, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.