Атырау, 29 қараша 09:44
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Егіздер шеруі

Сурет
1 103 просмотра

Балалар жылына орай Құрманғазы ауданында «Егіздер шеруі» өтті. Шеруге аудан орталығынан және Орлы, Байда, Бірлік, Кудряшов, Жаңаталап, Мақаш, Дыңғызыл, Сафон, Ақкөл, Нұржау ауылдарынан 99 бүлдіршін қатысқан.

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің директоры Жалғас САҒЫНДЫҚОВТЫҢ сөзінше, бұл - аудан тарихындағы алғашқы іс-шара. Сондықтан шараға келген қолдаушылардың да ықыласы ерекше болды.


- Шеруге 48 егіз, 1 үшем - барлығы 99 бүлдіршін қатысты. Егіздер шеруде жүріп өтумен қатар көпшілікке өз өнерлерін көрсетіп, би билеп, ән де шырқады. Шараның мақсаты - егіздердің басын қосу арқылы тұрғындардың көп балалы болуға ниетін ояту, егіздермен танысу және олардың арасындағы достықты нығайту, - дейді Ж.Сағындықов.

Шараға қатысқан егіздерге аудандық мәдениет үйінің атынан Алғыс хат пен «Тамаша» ойын-сауық кешеніне сертификат және тәттілер табысталды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазба аудандық мәдениет үйінің парақшасынан алынды

29 қыркүйек 2022, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.