Осыған орай күндізгі бөлімнің алтыншы блогы іске қосылды. Бұл туралы Орталық директоры Анар Маратова мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Қазір орталықта 75 бала әлеуметтік қызмет алады. Орталық бөлімдері күндізгі және стационарлық болып бөлінеді. Бүгінде бала саны көбейгендіктен күндізгі бөлімнің тағы бір блогын аштық. Онда үлкен жастағы ер балаларды орналастырып, оларға бөлек күтушілер тағайындадық. Ата-аналар дән риза, - деді А.Маратова.
Орталық басшысының айтуынша, мұнда «Балаға мейірім» жобасы жүзеге асып жатыр. Жоба мақсаты – балалардың еңбек дағдыларын дамыту және оларды әлеуметтік жағдайларға бейімдеу. Көкөніс өсіретін жылыжай іске қосылып, қышпен жұмыс, тігін шеберханасы ашылған.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ ұсынған суреттер