Атырау, 24 қараша 07:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинаның Ресей жаулап алған аумағында "референдум" нәтижесі жарияланды

841 просмотра

Украинаның Ресей жаулап алған аумағында ресейшіл сайлау комиссиясы референдум нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

"Орталық сайлау комиссиясының" мәліметінше, Донецк облысында аймақты Ресейге қосуды сайлау учаскесіне келгендердің 99,23 пайызы қолдаған. Луганскіде сайлаушылардың 98,42 пайызы, Запорожьеде – 93,11, Херсонда 87,05 пайызы аталған аймақтарды Ресейге қосуға дауыс берген деп айтылады.

Дауыс беру аяқталғанға дейін бірнеше сағат бұрын Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Телеграм арнасында "Референдум аяқталды. Нәтижесі айқын. Үйге – Ресейге қош келдіңіз" деп жазды.

Украинаның Ресей жаулап алған аумағын Ресейге қосу туралы мәселе 4 қазанға белгіленген федерация кеңесі отырысында қаралады. Луганск облысының басшысы Леонид Пасечник мәлімдеме жариялап, Владимир Путинді Ресей құрамына 28 қыркүйекте қабылдауды сұраған.

28 қыркүйек 2022, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.