Азаттық даңғылындағы көлік жолын қайта жаңғырту барысында биылға жоспарланған жұмыстар толық аяқталды. Бүгінде 705 метр жолды салынды.
Жол төсемі төрт жолақтан тұрады. Көлік жолының ені 14 метрден 15,5 метрге дейін кеңейілген. Жолдың екі жанына арық салынып, өрнектас пен жаяу жүргіншілер жолы төселген.
Айта кетейік, Азаттық даңғылының жолы Әуезов көшесінен Момышұлы көшесіне дейін (Балықшыда) ұзындығы 1855 метрді құрайды. Биыл қаржының бөлінуіне байланысты Маслопромдағы жол қиылысынан бастап «Империум Плазаға» дейінгі 705 метр жол қалпына келтірілді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ