Атырау, 6 желтоқсан 00:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

App Store-дан "ВКонтакте" және Mail.ru қосымшалары жойылды

1 006 рет қаралды

VK компаниясы Apple-дың шешімі бойынша App Store-дан өз қосымшаларының жойылғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Дүйсенбіде VK қосымшалары, соның ішінде VK Play, "VK музыкасы", "VK клиптері" және "VK мессенджері", VK Play және "VK Admin", сондай-ақ, "Mail.ru поштасы"және "Mail.ru облако" App Store-дан табылмады.

"VK Apple компанияның бірнеше қосымшасын бұғаттағанын растайды, қазіргі уақытта олар App Store дүкенінде қолжетімсіз. Пайдаланушылардың смартфонына орнатылған VK қызметтері әдеттегідей жұмысын жалғастырады", - делінген хабарламада.

"ВКонтакте" баспасөз қызметі мәліметінше, VK Apple-ге App Store-да компанияның бірнеше қосымшасы бұғатталғанына байланысты түсініктеме беру туралы өтініш жіберген.

27 қыркүйек 2022, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.